Талдықорғанда елге қызмет еткен еріктілер марапатталды
Талдықорғанда халықаралық волонтерлар күніне орай елге қызмет етіп жүрген еріктілер марапатталды. Жетісу облысында ресми тіркелген 13 волонтерлік ұйым бар. Мұнан бөлек 18 бастамашыл топ жұмыс істейді. Өңірдегі еріктілер саны 800-ге жуықтады. Салтанатты жиында үздік ұйымдар мен волонтерлар арнайы төсбелгімен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жетісулық жастар жыл басынан бері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жылу жинау акцияларына белсене қатысты.
Нұржан Рахметқазы, Қаратал аудандық «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
Елу волонтердің көмегімен отыздан астам қайырымдылық акциясын жасаған болатынбыз. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бар. Сонымен қатар «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу жобасы бар. Сол жобалардың нәтижесінде бүгін міне, жеңімпаз атанып отырмыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04