Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында17 сүт фермасы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 17 сүт фермасы ашылды.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қаражат бөлінді. Қазір өңірде 110-нан астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ауыл шаруашылығы нысандарының 40 пайызы заманауи қондырғылармен жарақталған. Мал шаруашылығы саласында өндіріс көлемі жыл сайын артып келеді. 12 айда сүт – 6, жұмыртқа өндірісі – бес жарым пайызға өскен.
Евгения Бутова, бұзау бағушы:
Жануарларды жақсы көремін. Сондықтан осында жұмыс істеуге келдім. Таңғы 6:30-да бұзауларды қарап, сүт береміз, шөп саламыз. Жұмысым өзіме ұнайды.
Сонымен қатар, былтыр теріскейлік диқандар қауымы 6,2 млн тонна астық жинап, соңғы 13 жылда болмаған рекордтық көрсеткішті жаңартты. Кей шаруашылықтар гектарынан 40 центнерден өнім алды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04