Аусыл анықталғалы Еуропа елдері ветеринарлық тексерісті күшейтті
Германияның мал фермасында аусыл ауруы анықталғаннан кейін Франция, Бельгия мен Нидерланд ветеринарлық тексерісті күшейтті. Естеріңізге салсақ, өткен аптада Бранденбург жерінде аусыл тіркеліп, 300 ден астам мал өртелген еді. Мамандардың есебінше, Германияның ауыл шаруашылығына 1 млрд еуродан астам шығын келген. Жұқпалы аурудың таралуынан сескенген Аустралия, Аргентина, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея барлығы он мемлекет Германиядан мал, мал шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салды. Еуропадағы ең ірі ет экспорттаушы ел былтыр шетелге 3 млн тоннаға жуық шошқа, сиыр етін тасымалдап, 5 млрд еуро пайда тапқан.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04