Ақтөбеге картопты басқа облыстардан жеткізбек
Бірнеше өңірде картоп қымбаттады. Мәселен, Ақтөбе облысында оның құны бір ай бұрынғымен салыстырғанде екі есеге жуық өскен. Жауаптылар бағаны реттеу үшін тұрақтандыру қорынан шығатын өнімді көбейткенін айтады. Алайда, ол нәтиже бермеді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Әзірге тапшылық жоқ, картоп сатылып жатыр. Алайда баға қымбат. Ірі супермаркеттерде 300 бен 400 теңге аралығында болса, шағын дүкендерде 450 теңгеге дейін жеткен. Тұрғындар тұрақтандыру қоры арқылы арзанға сатылатын өнімнің сапасы нашар екенін әрі оның баршаға бірдей жетпейтінін айтады. Бағаның өсуіне басты себептің бірі Ресейден келетін өнім тоқтаған. Енді жауаптылар картоп сатып алу үшін еліміздің солтүстігіндегі облыстармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Картоп қоры жеткілікті
Эльмира Кәленова, тілші:
Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы 10 пайызға көтерілді. Әкімдік өкілдері өнім жеткілікті екенін айтып отыр. Тұрақтандыру қорының қоймаларында 1 200 тонна картоп бар. Қазір ірі шаруашылықтармен меморандум жасалып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімді тағы да сатып алу көзделген. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелердінде бір келі картоп 97 теңгеден сатылып жатыр. Ал көтерме сауда базарларында баға 235-250 теңгеден басталады. Бағаны осы қалпында ұстап тұру үшін бақылау күшейтілді.
Жалпы биыл өңір шаруалары жақсы өнім алды. Орта есеппен гектарынан 150 центнер. Барлығы 110 мың тоннадан астам картоп жиналды.
Жақсыбек Кемал, Эльмира Кәленова
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04