Астана-Щучинск тасжолында тағы да кептеліс
Астана-Щучинск тасжолында тағы да кептеліс. Күн райының қолайсыздығына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан жолға шыққан 400-ден астам көлік Щучинскіден шыға берістегі терминалдың алдында тұр.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Кешелі бері боран болады деген ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен көліктер қазір кептелісте тұр. Шамамен, бұл жердегі көлік саны 400-ден асып жығылады. 300-дей жеңіл автокөлік, 150 жүк көлігі және 6 қоғамдық көлік қаңтарылып, қозғалмастан тұр. Жолаушылардың кейбірі кеше кешкі сағат бестен бері тұрмыз дейді. Жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін бұл жерде жол полицейлері кезекшілік атқаруда.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Жолаушыларды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқару орган өкілдері көмекке тартылған. Әзірге жолдың қашан ашылатыны белгісіз, бұрқасын жел әлі соғып тұр. Алдағы хабарымызда жолдағы ахуал жайлы тағы баяндаймыз, ақпарат күтіңіздер.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04