Павлодар облысында бір мектеп түгел өртеніп кетті
Павлодар облысында ауыл мектебі тұтастай жанып кетті. Оқиға Ертіс ауданына қарасты, Бұланбай ауылында болған. 20 бала білім алатын мектепте күн райының қолайсыздығына байланысты оқушылар болмаған.
Алдын ала мәліметке қарағанда өрттің шығу себебі – қатты жел кезінде тартылған сымдары айқасып, қысқа тұйықталу салдарынан жалын тұтанды. Тілсіз жау 150 шаршы метрден астам аумаққа жайылған. Өрт шалған ғимарат 14 жыл бұрын салынған екен. Мамандардың пікірінше қайта жөндеуге жарамайды. Ал оқушылар сабақтарын мектепке дейінгі балаларға арналған ауылдағы шағын орталықта жалғастырады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04