Павлодарда жасөспірім қыз қатарласын сабаған
Павлодарда жасөспірім қыз қатарласын ұрып-соққан. Тіпті кәсіби әдіспен жұдырық жұмсап, құрбысын соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде тарады. Кейбір деректерге қарағанда, олар бір-бірін қонаққа шақырып, төбелес ұйымдастыруды әдетке айналдырған көрінеді. Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұрып-соғып жатқан сәтке куә болғандар мен таспаға түсірген қыздарды да тергеуге шақырды. Енді олардың ата-аналары да жазаға тартылады.
Жанар Белялова, ПД баспасөз хатшысы:
Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдайға қатысқан кәмелетке толмаған заңды өкіліне кепілгерлігімен тапсырылды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04