Өскеменде рұқсатсыз құрылыс салған мердігерлер жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысын заңсыз салатын компанияларға тоқтау болмай тұр. Дәл осындай аты бар да заты жоқ жеке мердігер ұйымдарға өңірде 200-ден аса азамат қаржы құйған. Алайда үй де, ақша да жоқ. Сан соғып қалған тұрғындар былтырдан бері құзырлы органдарға шағымданып жүр. Ал құрылыс салу үшін құзыретті мекемелерден рұқсат алмай жұмысты бастап кеткен оннан аса компания жауапқа тартылды.Үлескерлердің қаражатын заңсыз пайдаланған екі компанияға ірі сомада айыппұл салынды. Қазір жалпы облыста көп пәтерлі 73 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Самат Қайырдинов, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі күні 7 тұрғын үй кешені бойынша әкімшілік жаауапкершілікке тартылды. Брондау шартына тұрған кезде құрылыс салушылардың рұқсатнама құжаттары бар ма, жоқ па екен, соны тексеріп алу керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04