Мобильді аударымдарға лимит қойылуы мүмкін
Мобильді аударымдарға лимит қойылады. Қазір оның шекті сомасын бекіту бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен қаржы ұйымдары арасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Сенатта осылай деді. Салық органдары бұған дейін 255 мыңнан асқан аударымдарды тексеру туралы ұсыныс айтқан.
Айта өтейік, үш ай қатарынан әртүрлі жүзден астам адамнан төлем түскен азаматтардың шоты биылдан бастап бақылауға алынады.
Берік Шолпанқұлов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
Мемлекеттік кірістер комитетінен ұсыныс түсті. Біз оны талқыладық. Қазір банк секторы оның техникалық жағынан мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл олар мақұлдаған жағдайда қабылданады. Егер мақұлдамаса, әрі қарай тағы ұсыныстар болады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04