Трамп халықаралық қылмыстық сотқа санкция жариялады
Халықаралық қылмыстық сот АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған санкцияларды сынға алды. Гаагадағы сот мұны заң үстемдігіне араласу әрекеті деп атады. Трамп Халықаралық қылмыстық сотты санкцияға алу туралы жарлыққа кеше қол қойды. Ақ үй басшысы аталған орган АҚШ пен оның жақын одақтастарын заңсыз қудалады деп айыптаған. Ал өткен аптада АҚШ сенатындағы республикалықтар Халықаралық қылмыстық соттың Израиль премьері Биньямин Нетаньяхуды қамауға ордер бергеніне қарсы санкция жариялағысы келген. Алайда бұған демократтар қарсы шықты. Рейтер мәліметінше Гаагада орналасқан қылмыстық сот қызметкерлерінің жалақасын үш ай бұрын төлеп, АҚШ-тың санкцияларынан алдын ала қорғанып қойған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04