Фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі заң мақұлданды
Бүгін Сенат Қазақстан мен Түркия арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Заңды қарап, оны мақұлдады. Құжаттың мақсаты – фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің таралуын болдырмау. Келісімде бірқатар міндеттемелер белгіленді. Құжатты ратификациялау тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған келісім Қазақстан мен Түркия арасында өсiмдiктер карантині саласындағы бірлескен іс-шараларды регламенттейтін құқықтық негіз қалыптастырады. Осы мақсатпен келісім аясында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және карантиндік зиянды организмдердің таралуының алдын алуға бағытталған нақты ережелер қарастырылды.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04