Семейде соққыға жығылған оқушыға баспана әпермек
Семейде соққыға жығылған оқушыға баспана сатып әперу үшін қаржы жиналып жатыр. Қазір ашылған есепшоттағы сома 24 млн теңгеге жетіп қалған.
Оның мақсатты жұмсалуын бақылау үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері кіретін арнайы комиссия құрылып жатыр, дейді Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева.
Зардап шеккен бала толықтай медициналық тексеруден өтіп, психологиялық көмек көрсетілген. Отбасына құқықтық қолдау ұйымдастырылды.
Еске салсақ, Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жығып, әлеуметтік желіде видеосын таратқан.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04