«Таза Қазақстан»: Оқушылар өсімдік баптауды үйренді
Атыраулық оқушылар экологиялық мәдениетті мектеп қабырғасынан бастап үйреніп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы олар бірнеше жоба дайындаған. Сондай-ақ облыстық ашық сабақ өткізіліп, балалар гүл, көкөніс дақылдарын және ағаш тұқымдарын екті. Мұндай шаралар өскелең ұрпақты қоршаған ортаны дәріптеуге шақырады. Яғни балалар кішкентай кезінен табиғат жанашыры боп өсіп келеді, дейді ұйымдастырушылар.
Еркеназ Серік, оқушы:
Біз өсімдік егіп, бір жылдыққа қалдырамыз. Қазақстанымызда ауа таза болу үшін «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосып жатырмыз.
Мақаш Ілиясов, Абай атындағы оқушылар орталығы директорының міндетін атқарушы:
Осы дәндерден өсіп шыққан өскін, тал-шыбықтарды әрі қарай күтіп ұстаймыз. Содан кейін аулаға отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады. Жемісі бергенше оқушылар баптайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04