Семейде бұзақылардан зардап шеккен баланы полиция қамқорлығына алды
Семейде бұзақылардан жәбір көрген 11 жастағы баланы Ішкі істер министрлігінің «Динамо» спорт клубы қамқорлығына алды. Енді жеткіншек жас спортшылармен бірге жаттығып, боксқа тәрбиеленбек. Абай облысы полиция департаментінің бастығы оны жаттығу залымен, клуб мүшелерімен таныстырды. 6-сынып оқушысына «Динамо» спорттық формасы сыйға берілді. Ол алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. Енді жасөспірім спорт қоғамының білікті жаттықтырушыларынан тәлім алып, тегін үйірмеге қатысады. Алда «Жас сақшы» полицейлік сыныбына қабылданбақ.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04