Қостанай облысында 120 отбасы баспаналы болды
Қостанай облысының Рудный қаласында 120 отбасы баспаналы болды. Олар негізінен тұрғын-үй кезегінде тұрған әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтың өкілі. Жаңадан бой көтерген «Әйет» және «Тобыл» кешендерінің жалпы аумағы 12 мың шаршы метр. Бұл - Рудный қаласында соңғы 30 жылда іргетасынан бастап салынған алғашқы көпқабатты үйлер. Наурыз айының соңына дейін шағын шаһарда тағы 200 пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр.
Шолпан Көлпейісова, Рудный қаласының тұрғыны:
Отбасымыз үлкен. 5 балам бар. Үш жыл кезекте тұрдық. Кеше қоңырау шалып, үй аласыңдар деп айтты. Қуаныштымыз. Соңғы жылдары көп адам үй алды. Көп үй салынды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04