Прокуратура Ш.Полаттың ісі бойынша айыптау актісін дайындап жатыр
Прокуратура Шерзат Полаттың ісі бойынша айыптау актісін дайындап жатыр. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Сенат қабырғасында осылай деп мәлімдеді. Бүгінде қылмыстық тергеу толығымен аяқталған.
Бас прокуратура өкілі сондай-ақ Шерзат Полаттың үйін өртеді деп күдікке ілінгендер әлі табылмағанын айтады.
Айта кетейік, 16 жастағы Шерзат Полат 5 ай бұрын Алматы облысының Талғар ауданында бір топ адам қатысы бар жанжал кезінде қаза болған еді.
Әсет Шыңдалиев, ҚР Бас прокурордың орынбасары:
Қазір Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу амалдарының заңдылығын зерттеп, соның нәтижесіне қарай оны сотқа жіберу бойынша шешім қабылданады. Нақты мерзімін айта алмаймын, себебі заң бойынша мұндай шешімдер он күн ішінде қабылданады. Егер іс күрделі, көп эпизодтан тұрса, онда прокурорлардың мұндай шешімдерді бір ай ішінде қабылдауға мүмкіндігі бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04