Алматыдағы «Мәңгілік даңқ» мәдени-тарихи ескерткішінің аумағы тазаланды
«Amanat» партиясы Алатау аудандық филиалының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыдағы «Мәңгілік даңқ» мәдени-тарихи ескерткішінің аумағын тазалады. ІІ д.с. жеңістің 80 жылдығына орай қолға алынған игі шараға жастар да белсенді қатысты. Бұл қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асып жатыр, - дейді ұйымдастырушылар. Ескерткіштің айналасынан 20 қап қоқыс жиналып, тас белгілер жуылды.
Жарқын Алдамбергенқызы, «Amanat» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы:
Қоқыс жатқан жерлерді жинағаннан бұрын әрбір адам өзінен тазалықты бастаса, жалпы қаламыздың тазалығы да, әдемілігі де, көркеюі де дұрыс жолға қойылады деп ойлаймын. Әрбір адам өзінің азаматтық парызы ретінде негізгі қызметін қоғамдық жұмыстармен ұштастыра білсе, оның өзі де қоғамға үлкен пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04