5 сәуір мопедтерді тіркеу аяқталады
Осы аптада мопедтерді тіркеу аяқталады. «Тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылып, иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - дейді полиция қызметкерлері. Қазір Алматыда 6 мың 500 мопед тіркеуден өткен. Мопедтерге мемлекеттік нөмір алу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Алғашқы тіркеуге тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін барлығы 11 мың теңгеден аса қаржы төлеуі тиіс. Ешқандай құжаты немесе VIN-коды болмаған жағдайда ішкі істер органдары мопедті жеке тексереді. Былтыр “Жол қозғалысы туралы” заңға өзгертулер енгізілді. Құжатқа сәйкес осы жылдың 5-ші сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04