Таразда жас суретшілер мен мүсіншілер көрмесі өтті
Таразда жас суретшілер мен мүсіншілер қолөнер көрмесін өткізді. «Қоғамдық келісім» үйіне жиналған мектеп оқушылары туындыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнады.
Облыстық деңгейде өткен «Менің әлемім» бейнелеу және қолөнершілер көрмесіне аудандардан келген өрендер де атсалысты.
Әсіресе, қыздардың қыштан жасаған құмыралары көрмеге келгендерді тәнті етті. Ал суреттер галереясында барлық ұлт өкілдерінің қазақ даласына деген махаббатты көруге болады. Қылқалам шеберлері тау мен тасқа тіл бітіріп, сезімдерін суреттер арқылы сөйлеткен. Ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен ұлтаралық рухани диалог және достықты дамытатын шара жаз айларында да жалғаспақ.
Арай Кеңшілік, мектеп оқушысы:
Бұл жұмыс табиғатты аялауға және қорғауға үндейді және адамның ішкі сезімдерін оятуға арналған. Бұл жұмысты мен шамамен бір айда жасағанмын және осы көрмеге қойылып, марапатталғаным үшін өте қуаныштымын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04