Павлодарда жемқорлықтың алдын алу дәрісі өткізілді
«Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау үшін Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті өкілдері полиция мамандығын таңдаған курсанттармен кездесті. Мақсат – жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті күшейту. Мамандар курсанттарға заң мен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету жөнінде дәріс оқыды. Мәселен болашақ полицей заңсыз ұстау, тінту жүргізу, іс материалдарын бұрмалау фактілеріне жол бермеуі керек. Ол үшін курсанттың бойында қазірден жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптасқаны дұрыс.
Нұргүл Қайырденова, жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру бойынша сарапшы:
Олар болашақ құқық қорғау саласының қызметкері болғаннан кейін заң мен тәртіпті алдағы өмірінде, қызметінде қатаң сақтап, соның аясында жұмыс істеуі керек. Салалардың бәріне мониторинг жүргіздік. Сонда анықтағанымыз, бізде ешбір саланы сыбайлас жемқорлық нышандары жоқ немесе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы жоқ деген бір де бір саланы анықтай алмадық.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04