Франция үкіметі түрмеге тегін отырғызуға қарсы
Франция үкіметі жазасын өтеушілерді абақтыда отырғаны үшін ақы төлеуге мәжбүрлемек. Бұл туралы елдің әділет министрі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, қазір Франция түрмелерінде 82 мыңға жуық адам жазасын өтеуде. Оларды асырауға жылына бюджеттен 4 млрд еуро бөлінеді. Министр заңға өзгеріс енгізу арқылы қылмыскерлерден түрмедегі шығынын өтеу үшін ақы талап етпек. Сондай-ақ қапастағы аса қауіпті 200 есірткі саудалаушы қатаң режимдегі колонияға ауыстырылады. Себебі соңғы кездері түрмелер мен түрме күзетшілеріне шабуыл күшейген.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04