Шығыс Қазақстанда 13 үйдің ауласына су кірген
Шығыстағы Бұқтырма мен Поганка өзендеріндегі су деңгейі күрт көтерілді. Себебі Алтай ауданында екі тәулік тоқтаусыз жауған жауынның салдарынан таудағы қар қарқынды еріген. Зубовск кентінде өзен жағасына қоныстанған 13 үйдің ауласына су кірген. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімдік қызметкерлері жедел қимылдап, жайылған суды тартқызып үлгерді. Өзен жағасы инертті материал салынған 2 мың қаппен биіктетілді. Мамандар тәулік бойы мониторинг жасап, бақылауға алды. Бүгін Бұқтырмадағы су деңгейі 73 сантиметрге төмендеді, яғни қауіптің беті қайтты.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04