«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші күні аяқталды
Алматы облысында өтіп жатқан халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғашқы күні аяқталды. Шабандоздар бүгін 100 шақырымды артқа тастады. Дүбірлі додадан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып, ақпарат беруге дайын.
Қуан Нұрақын, тілші:
500 шақырымға жоспарланған «Ұлы дала жорығы» бүгін таңғы сағат 7-де Қонаев қаласының маңынан басталды. Бес шабандоздан жасақталған 19 команда қазір 100 шақырымды жүріп өтіп, Балқаш ауданына табан тіреді. Қазір менің қасымда республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Айта кетсек, биылғы жорық Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр. Жарыс 5 күнге созылады. Алда әлі 400 шақырым бар. Дүбірлі дода Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтіп, Қонаев қаласына қайта оралады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04