Қазақстанда ішек аурулары 3 есеге артқан
Қазақстанда ішек аурлары үш есеге артқан. Мамандардың мәліметінше, 2018- 2023 жылдар аралығында Крон ауруы 555-тен 1600-ге дейін өссе, ойық жаралы колитпен тіркелгендер саны 7300-ден асқан. Бұл туралы ішектің қабыну аурулары туралы талқыланған IX ұлттық форумда айтылды. Шараға әлемнің жетекші мамандарымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ден аса сала маманы қатысты. Жиынға қатысушылар мәселені бірқатар өңірде эндоскопиялық диагностиканың қолжетімсіздігімен байланыстырды. Сондай-ақ науқастарға психологиялық қолдаудың жетіспеушілігі тағы бар, - дейді сарапшылар.
Саймон Тревис, Oxford университетінің профессоры:
Ішек аурулары Қазақстанда, Батыс елдерінде көп кездеседі. Өкінішке орай, бұл ауру түрі жасарып барады. Қазір 30 жастағы азаматтардан да анықталып жатыр. Алдын-ал үшін ерте диагностика жасау, жоғары технологиялық зерттеу әдістерінің және биологиялық терапияның қолжетімділігі аса маңызды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04