Цифрлық сауаттылық – заман талабы
Оқушылар интернет қауіпсіздігі мен жалған ақпаратты анықтай білуі маңызды. Әсіресе әлеуметтік желілерге жеке деректерді жарияламау керек. Алматыда мектеп оқушыларына мамандар цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай шара қоғамдағы киберқауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ балалардың интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтайды дейді сала мамандары. Іс-шара аясында оқушылар бес минут ішінде кезексіз жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдейтін құрылғының жұмысымен және электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу тәртібімен де танысты.
Шапағат Жақсылық, оқушы:
24 сағат жұмыс істейтін терминалдан ақпаратты өзіміздің қағазымызды сол терминалдан QR-код арқылы алуды үйрендік және де өзіміздің жеке куәлігімізді жаңарту үшін арнайы терминалға барып, нөмірімізді, ЖСН паролімізді жазып, жеке куәлікті жаңартамыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04