Ресейдің Брянск және Курск облыстарында жарылыстан екі көпір құлады
Ресейдің Брянск және Курск облыстарында жарылыстан екі көпір құлады. Оқиға жексенбіге қараған түні болған. Брянскіде көлік жүретін көпір теміржолға құлап, Мәскеуге бағыт алған жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. Салдарынан 7 адам қаза тапты, 69 адам жараланған. Олардың 47-сі ауруханаға жеткізілді. Кейбіреуінің жағдайы мүшкіл.
Ал Курскіде жарылыстан көпір жүк тиелген тауар пойызымен қоса опырылған. Аталған екі облыс Украинамен шектеседі. Ресейдің Тергеу комитеті жарылыстарды террорлық акт деп таныды. Өңірде үш күн қаралы деп жарияланды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04