Болгария инвесторлары Шымкентте ет комбинатын салады
Болгариялық инвесторлар Шымкентте ет өңдеу зауытын салмақшы. Жоба құны 20 млн еуроға жуықтайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан – Болгария бизнес форумында айтылды. Қазір «Kazakh invest» ұлттық компаниясы мен еуропалық серіктестеріміз инвестиция құюға болатын салаларды іріктеуге кіріскен. Бұл дегеніміз тараптар экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін аңғартады. Бүгінде Қазақстанда Болгарияның 60-тан астам компаниясы жұмыс істеп тұр.
Мадияр Сұлтанбек, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Болгариядан құрамы кең делегация келді. Олар сауда-сатттық, туризм және цифрландыру салаларына инвестиция құюға әзір. Бүгін Шымкентте ет өңдейтін зауыт салу туралы келісімге келдік. Бұл бастамасы ғана.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04