Ақтөбеде зейнеткерлерді өлтірді деген күдіктіге қатысты сот басталды
Ақтөбеде 3 адамды кепілдікке алып, оның екеуінің өліміне күдікті деп танылған тұрғынға қатысты сот басталды.
38 жастағы ер адам биыл қаңтарда таныс әйелінің үйіне келіп, оның анасына 20 рет пышақ сұққан. Артынша келген зардап шегушінің жолдасына да балтамен шабуыл жасаған. Кейін екеуін де қамаған. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының өкілдері күдіктімен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізуге мәжбүр болған еді.
Өкінішке қарай, ерлі-зайыпты зейнеткерлердің екеуі де жан тапсырды. Күдікті сотта өз кінәсін ішінара мойындады. Ол енді 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04