Алматыда «Сайран» көлінің жағалауында ауқымды экологиялық акция өтті
Алматыда жаңартылған Сайран көлінің жағалауында ауқымды экологиялық акция өтті. Тазалық шарасына елге танымал азаматтармен қатар, «Жасыл ел» жасақтары, еріктілер, комьюнити орталықтардың резиденттері – жалпы саны мыңнан аса адам қатысты. Бұдан бөлек қаланың барлық сегіз ауданында жергілікті сенбіліктер ұйымдастырылды. Акцияға 11 мың адам атсалысты. 275 арнайы техника жұмылдырылып, аумағы шамамен 1 500 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Тазалықты сақтау, көгалдандыру және инфрақұрылымды қорғау – әр адамның ортақ жауапкершілігі, - дейді шараға қатысқандар.
Жұбаныш Жексенұлы, әнші:
Бұл шараның әсіресе, жастарға қала тазалығын, қала мәдениетін бойына сіңіруде өзінің маңызы зор деп ойлаймын. Әрқашан қаламыз таза болсын. Қаламызды таза ұстайық.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04