Универсиадаға Қазақстан атынан 13 палуан қатысады
Жазғы Универсиада ойындарына дзюдодан ерлер барлық салмақ дәрежесі бойынша қатысады. Арасында Grand Slam жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. 60 келідегі Аман Бақытжан биыл Астанада өткен додада қола жүлде еншіледі. Ал жуырда ғана 66 келіге ауысқан Нұрқанат Серікбаев кадеттер арасындағы әлем чемпионы. Оның еншісінде Grand Slam-ның алтыны, күмісі мен қоласы да бар. Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған Бақжан Байтасқа да үміт артамыз. Ал әйелдер 6 салмақта сынға түседі. Бұл спортшылардың ішінде аса ауыр салмақта ел намысын қорғап жүрген Ақерке Рамазановаға сенім артамыз. Ақерке де Үлкен Дулыға турнирінде қола жүлдеге ие болған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04