«Таза Қазақстан» акциясының аясында 400 экологиялық іс-шара ұйымдастырылды
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Биыл 400 экологиялық іс-шара ұйымдастырылған. Көше, жол бойындағы сенбіліктермен қатар, өзен-көлдердің жағасы тазартылды. Белсенділер бірнеше айда 21 бұлақтың маңын мұнтаздай етіп жинады. Жалпы, акция басталғалы 6 миллионға жуық азамат 1 млн тоннадан астам қоқыс және 3 млн түп ағаш отырғызды. Мақсат – тек айналаны емес, сананы тазарту, экологиялық мәдениетті қоғамның күнделікті дағдысына айналдыру.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір ағаш егу, бірге жұмылып дала тазалау сияқты үрдісті қалыптастырдық. Енді сана тазалығы. Заң қабылдаудағы әділеттілік принциптерінің сақталуы - осының барлығы «Таза Қазақстан» құру идеологемасына кіреді.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ол біздің рухани жаңғыруымыз. «Таза Қазақстан» Мемлекет басшысының басқа да принциптерімен тығыз байданысты. «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» барлығы бір-біріне өте жақын.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04