Депутаттар Қарағанды шахтерлерімен кездесті
Қарағанды облысына барған бір топ Мәжіліс депутаты «Киров» шахтасының еңбек ұжымымен кездесті. Шахтерлердің өндіріс орнындағы қауіпсіздігі мен әлеуметтік ахуалы жайлы сұрастырды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында барынша жастарды жұмыспен қамтуға кеңес берілді. Ол үшін ең алдымен кеншілердің әлеуметтік жағдайын жасап, қауіпсіздікті нығайту керектігі айтылды. Қала іргесінде орналасқан «Exim Artis» компаниясына тиесілі «Киров» шахтасында бүгінде 650-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорын жарты жылда 220 мың тоннадан аса көмір өндірген.
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Жұмысшылардың, кеншілердің қауіпсіздік мәселесін қарастырамыз. Сонымен қатар кеншілердің әлеуметтік жағдайына байланысты, кәсіби қызметтегі біліктілігін арттыруға байланысты қандай сұрақтар бар, соған жіті назар аударамыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04