Президент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің басшысымен кездесті
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады. Кездесуде Қазақстанның авиация саласындағы жетістіктері айтылды. Атап айтқанда, Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған мемлекет. Бұл ұшақтардың ұшу барысындағы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, былтыр Монреаль қаласында еліміздің Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы тұрақты өкілдігі ашылды. Қазір Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстер саны артып келеді. Бүгінде еліміз 30-дан астам мемлекетпен тікелей әуе қатынасын орнатқан. Алдағы уақытта Нью-Йорк, Токио және Сингапурға да ұшақ рейстерін ашу жоспарда бар.
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04