Ақтауда жылу желілерін жөндеуге 3,6 млрд теңге бөлінді
Президент тапсырмасымен Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді.
Қаражат есебінен 9 шақырымнан асатын магистральдық жылу желілері жөнделеді. Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жоба былтыр басталды. Бүгінде екі құбырлы жүйемен 5 шақырымнан аса жылу желісі тартылған. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына диаметрі үлкен құбырлар орнатылып жатыр.
Нұрлан Орынбасаров, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпы 30 км-ден астам жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізелетін болады. 2024 жылы 11,5 км жүргізілді. Осы жылға 20 км жылу желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Ақтау қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі 79 пайыздың 75 пайызға дейін төмендейтін болады. Осы жұмыстарды жылыту маусымына дейін толық аяқталатын болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04