Кипрде орман өртімен күрес жүріп жатыр
Кипрдің Лимассол қаласында екінші күн қатарынан орман өртеніп жатыр. Жерорта теңізіндегі аралдық мемлекетте тілсіз жаудан 2 адам қаза тапқан. Жалыннан бірнеше үйге зақым келді. Жапония мен Испанияны қоса алғанда 6 мемлекет Кипрге өртті сөндіруге көмектесіп жатыр.
Түркияның Анталия провинциясында да орман өртімен күрес жүріп жатыр. Тілсіз жау Ақсу, Мұратпаша және Манавгат атты үш ауданды шарпыған. Қауіпті аймақта қалған тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Провинция билігінің мәліметінше, өңірде ыстық және құрғақ ауа райына қатты жел қосылып, өрт тез тарай бастаған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04