Қазақстанда жүк көліктеріне салынған айыппұл саны 12 есе артты
Қазақстанда жүк көліктеріне салынған айыппұл саны 12 есе артты. Жүргізушілерді қадағалау күшеймек. Көлік министрлігі автоматтандырылған өлшеу жүйелерін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазір елімізде 450 мың жүк көлігі тіркелген. Артық салмақ артып алған ауыр техника жол сапасын құртады дейді министрлік. Жыл соңына дейін қосымша 220 өлшеу станциясы іске қосылмақ. Қазір 59-ы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтар тәулік бойы жұмыс істейді және ереже бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Инспектордың қатысуынсыз айыппұлдар жүргізушілерге жолданады. Жүйе былтыр қыркүйек айында енгізілді. Содан бері 3284 айыппұл рәсімделген.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04