Үш боксшы жартылай финалға өтті
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін 22 жастағы былғары қолғап шеберлері бақ сынап жатыр. Ширек финал жарыстары сәтсіз басталды. Қыздардан рингке бірінші болып шыққан 60 келідегі қазақстандық Әсем Таңатар қытай спортшысынан жеңілді. Артынша, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аружан Жаңабаева да Қытай атынан қатысқан этникалық қазақ Дина Сантыбекке жол берді. Ерлерден 60 келі келідегі Нұрислам Қалдыбаев – Қырғызстан өкілін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Артынша, жеңісті жолды 65 келідегі Илья Калинин мен 70 келідегі Нұрбек Мұрсал жалғастырды. Қазір жарыстың кешкі сессиясы өтіп жатыр. Әлі шаршы алаңға әлі 3 боксшымыз шығады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04