Атырауда бір сағат ішінде 24 мың пластикалық бөтелке жиналды
Атырау қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында осындай ерекше шара ұйымдастырылды. Қайыршақты және Алмалы округінің тұрғындары небәрі бір сағаттың ішінде 24 мың пластикалық бөтелке жинады. Сыйлық ретінде оларға бес мыңдай балмұздақ таратылды. Бұл әзірге пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылған. Алдағы уақытта мұнан да ауқымды көлемде жалғасын таппақ. Басты мақсат - үлкендер мен балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін дамыту.
Ибрахим Жұмажан, Атырау қаласының тұрғыны:
Салынып жатқан үйлерден, өзімнің үйімнен, далада жатқан бөтелкелердің барлығын жинадым. Су ішкен, шашылған бөтелкелерді жинадым. Жерге құтыларды лақтырмау қажет. Олар шөптерге, талдарға зиян болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04