Тарифтер қымбаттап жатыр: Байланыс саласына бақылау қажет
Бір жылда бірнеше мәрте қымбаттады. Қазақстандықтар еліміздегі Tele2/Altel, Beeline сынды байланыс операторларын тариф бағасын негізсіз шарықтатып жіберді деп шағымданды. Ең сорақысы баға өскен сайын қызмет көрсету сапасы нашарлап барады, дейді желі қолданушылары. Бүгін Үкіметте өткен жиынға қатысқан Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, мұның бәрі бақылаудың жоқтығынан. Оның сөзінше, 2017 жылдан бері байланыс саласы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сондықтан тарифтер мен қызметтер бағасы нарықтағы сұранысқа қарай қалыптасады.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
Тарифтерді қадағалаумен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі айналысады. Бізге белгілісі тарифтер туралы және олардың бағасына қатысты ақпараттар қазір жинақталып жатыр және жақын арада қоғамдық талқылау өтуі тиіс. Біз тарифтердің бағасына шектеу қоя алмаймыз. Құзіретіміз жоқ. Дегенмен, бір жолын қарастырып көреміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04