Шымкентте 400-ден астам тұрғынды алдап соққан қаржы пирамидасы анықталды
Халықты алдап, 1 млрд теңгені қалтаға басқан қаржы пирамидасы анықталды. Қаржы мониторингі агеттігінің хабарлауынша, Шымкенттегі «Аяла Голд» деп аталған компания тұрғындарға инвестиция салғызып, жылдам және көп табыс табуға уәде берген. Салымшыларға ай сайын 50-60 пайыз кіріс түсетінін айтқан. Алайда, төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Осылайша 400-ден астам адам сан соғып қалды. Түскен қаражатқа күдіктілер жаңадан салынып жатқан тұрғын-үй кешенінен 2 үй сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынып, күдіктілердің барлығы қамауға алынды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04