Балаңызды мектептен мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады
Енді балаңызды бір мектептен екінші мектепке eGov порталы арқылы ауыстыруға болады. Ата-аналар мен заңды өкілдер азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана емес, қалаған білім беру ұйымын таңдап, онлайн өтініш бере алады. Бұл қызметке есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс-құжаттарын тапсыру талап етілмейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болған жағдайда өтінішін қайтарып ала алады. Қызметті пайдалану үшін eGov порталына тіркеліп, «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөлімін таңдап, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметіне өту керек. Сол жерде өтініш толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Нәтижесін жеке кабинеттен көруге болады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04