«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер 20 қыркүйекте сатылуы мүмкін
«Қайрат» – «Реал» матчына билеттердің сатылымы 20 қыркүйекте басталуы мүмкін. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты. «Әзірге нақты мерзім белгіленген жоқ. Бірақ матчқа он күн қалғанда саудалау жоспарланып отыр», - дейді. Жуырда UEFA Чемпиондар Лигасының техникалық делегациясы Алматыдағы стадионның жай-күйін қарап, кей тұсын жақсарту керек екенін айтқан. Содан кейін «Қайрат» футбол клубы өз есебінен қаржы шығарып, жөндеу жұмыстарын бастаған.
Серік Жарасбаев, Туризм және спорт вице-министрі:
Билеттерді сату құқығы тек қана «Қайрат» клубының өз меншігінде болып жатыр. Себебі ол жекеменшік клуб. Бағасы әлі белгіленген жоқ. Неге десеңіз, әлі нарықтағы бағаны, бұған дейінгі матчтарды ескеріп, 20-на қарай бағасы нақты болады. Алаяқтар жалған ақпаратты жариялап жүр. Сондықтан тек ресми ақпаратқа, соның ішінде «Қайраттың» ресми сайтына сенуге болады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04