Брюссельде фермерлер ереуілге шықты
Бельгияда фермерлердің ереуілі қайта жанданды. Шаруалар Брюссельдегі Еуропарламент жанына жиналып, ЕуроОдақ пен Меркосур арасындағы келісімге қарсы наразылық білдірді. Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай, яғни Оңтүстік Американың төрт елімен еркін сауда жасау туралы келісімді Еуропалық комиссия cәрсенбіде бекіткен болатын. Құжат күшіне енуі үшін келісімді Еуропарламент ратификациялауы тиіс. Ереуілшілер «Фермерлерді құрдымға апаратын келісім жойылсын» деп ұрандатты. «Оңтүстік Америка елдерімен еркін саудаға жол ашылатын болса, сапасыз азық түлік пен тауарлар Еуропа нарығын жаулап, Еуропалық фермерлер қолдаудан қағылады, дейді шаруалар.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04