Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында бүгін үш жерлесіміз жеңіске жетті. Ерлер құрамасында 70 кг салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. Ол алжирлік Эсуф Эичиді 3/2 есебімен тізе бүктірді. Ал 90 кг салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңда ирландиялық Джек Марлимен кездесіп, ширек финалға жолдама алды. Әйелдер құрамасынан Гүлсая Ержан Литва спортшысы Ивета Лесинскитеден басым түсті 80 кг салмақ дәрежесінде өткен бұл тартысты бәсекеде спортшымыз екі кезең қатарынан жеңіске жетті. Айта кетсек, чемпионат осы айдың 14-іне дейін болады. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04