Атырауда зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктілер ұсталды
Атырауда жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктілер ұсталды. Тінту барысында олардан ірі көлемдегі қаражат, автокөліктер және басқа да құнды заттар тәркіленген. Қазіргі уақытта 10 шақты адам ұсталған, алайда тергеу барысында қатысушылар саны 50 немесе одан да көп болуы мүмкін. Емхана басшыларынан бөлек ортадағы делдалдар, есепшілер, агенттер мен кеңсе қызметкерлері де тергеледі. Биыл Атыраулық бір емхана стоматологиялық қызмет көрсетіп, 22,9 млрд теңге қаражатты игерсе, тағы екі емхана 32 млрд теңге зейнетақы қаражатын пайдаланған. Ал Құлсарыдағы бір медициналық мекеме 7,6 млрд теңге қаражатпен шектелген.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04