Аргентинада президенттің қатаң үнемдеу саясатына қарсы шеру өтті
Аргентина астанасында мыңдаған адам қатысқан осындай шеру өтті. Тұрғындар президент Хавьер Милейдің денсаулық сақтау және білім салаларындағы шығынды қысқарту шараларына наразы. Бұған дейін Конгресс университеттер мен балалар ауруханаларын қайта қаржыландыра бастау туралы заң қабылдаған еді. Алайда мемлекет басшысы оған вето жариялады. Бұған қарсылық танытқан тұрғындар жаппай көшеге шыққан. Әсіре оңшыл Милейдің қатаң үнемдеу саясаты 2023 жылдан бері инфляцияны күрт төмендетті. Ал бұл қадам зейнеткерлер, мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайын нашарлатқан.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04