Данияда дрондардың кесірінен әуе рейстері тағы шектелді
Данияның әуе кеңістігінде тағы бірнеше белгісіз дрон байқалды. Ұшқышсыз аппараттар 4 әуежайға жақын маңда ұшқан. Осыған байланысты елдің солтүстігіндегі Ольборг қаласының әуе терминалы ұшақ рейстерін тоқтатты. Әзірге нақты қанша дрон ұшқаны, оның қайдан жіберілгені анықталған жоқ. Полиция бұған қатысты ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты. Бұған дейін белгісіз дрондардың ұшуынан дүйсенбіде Дания мен Норвегия әуежайларында ұшақ рейстері доғарылғанын хабарлаған едік. Екі ел полициясы бірлесе тергеу жүргізіп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04