«Жабайы» фильмі көпшілікке көрсетіле бастады
Алматыда «Жабайы» фильмінің көпшілікке таныстырылымы өтті. Отбасылық комедия балаларға арналған.
Фильмдегі басты кейіпкерді сомдаған Қазбек томаға тұйық бала. Туындыда өзінің досы «Жабайы» атты иті арасындағы қызықты оқиғалары суреттеледі. Шығармашылық топтың айтуынша, фильм кішкентай көрермендерді жануарларға қамқор болуға баулып, адамгершілік пен жауапкершілікке, мейірімге тәрбиелейді. Режиссер балалардың қауіпсіздігін ескеріп, түсірілімге кинолог мамандар арнайы үйреткен итті таңдап алыпты.
Дамир Әбілханов, режиссер:
Егер жүректе бала болсаң, оларға да жол таба аласың деп ойлаймын. Маған қиын болған жоқ балалармен жұмыс істеу. Керісінше, қызығырақ. Өйткені, балалардың жүрегінде шынайы сезім бар ғой. Кәсіби актерлер сияқты дайын емес. Сондықтан олар өздерінің ішіндегі бар затын шығарып береді.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04