Түркияда шахтада топырақ көшіп, кеншілерді басып қалды
Бүгін таңертең Түркияның Зонгулдак аймағындағы көмір шахтасында топырақ көшкіні болды. 263 метр тереңдікте болған апат кезінде 5 кенші топырақ астында қалған. Бірнеше сағатқа созылған іздеу құтқару жұмыстарының нәтижесінде 4 жұмысшы жер бетіне аман-есен шығарылды. Олардың арасында жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дейді. Қазір бір кеншіні әлі іздестіріп жатыр. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04