«Ұшқыр ойлы, дара Дидахмет» еңбегі жарық көрді
Алматыда көрнекті жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Дидахмет Әшімханұлының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кеші өтіп, екі томдық жинақ таныстырылды. Құнды еңбекте қарымды публицистің 40 жылға жуық уақыт ішінде жазған мақалалары мен сүбелі сұхбаттары біріктірілген. Топтамада ұлтымыздың ділі мен тілі, салт-дәстүрлері жайлы маңызды мағлұматтар бар. «Қос томдық жинақ оқырманды ұлттық рух пен ой биігіне жетелеп, болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына болары сөзсіз», – дейді зиялы қауым.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Публицистика мен көркем әдебиетті мейлінше жақындатуға тырысқан бір жазушы болса, ол – Дидахмет деп айтамыз. Өйткені Дидахмет не жазса да, көркемдік жағына қатты көңіл бөлді. Ол табиғатты өте жақсы сүйген. Сондықтан көркем шығарма мен публицистикадағы алшақтықты жақындатып жазды.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04